Тіркеу Күні: 23 – 24 сәуір, 2021 жыл
Өтетін орны: Тұран университеті, Алматы
TURAN MODEL UNITED NATIONS
«Тұран» университетінде БҰҰ моделі
Құрмектті қатысушылар!
Тұран университеті дәстүрлі түрде халықаралық саясаттағы аса маңызды мәселелерді талқылайтын «БҰҰ моделі» ойын форматындағы конференциясын өткізеді. Сізде аталмыш халықаралық конференцияға қатысып, жаңа достар тауып, пайдалы дағдыларды меңгеруге тамаша мүмкіндік бар!
«БҰҰ моделі» – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметін имитациялайтын, мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында БҰҰ-ның бірнеше комитеттері негізінде әрекет етіп, нәтижесінде дипломатиялық, көшбасшылық, ораторлық және келіссөз жүргізу қабілеттерін меңгеретін тамаша алаң.
Қатысушылар қазіргі таңдағы әлемдегі ең өзекті мәселелерді талқылап, ресми делегаттар мен мемлекет өкілдерінің рөлін ойнайды. Делегаттардан дипломатиялық этикет ережелерін сақтау талап етіледі.
Конференцияға Қазақстанда жұмыс жасайтын елшіліктер дипломаттары мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады. БҰҰ моделіне қатысу арқылы БҰҰ құрылымында шешімдердің қалай қабылданатынын, өз тәжірибеңізде көре аласыз. Сіз «БҰҰ моделі»-не қатысу арқылы өзіңізді халықаралық ұйымдардың қызметкері ретінде сынап көруге және дипломатия саласындағы тамаша мансабыңызды құруға мүмкіндік аласыз.
БҰҰ моделі – бұл пікірлестердің ынтымағы жарасқан команда!
БҰҰ моделі – бұл достық!
БҰҰ моделі – бұл қызықты кездесулер мен іс-шараларға толы өмір.
БҰҰ моделі бұл өзіңізді әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезініп, болашағыңызға қажетті тәжірибе алар ең маңызды орта. Сізді, жаңа достар мен қайталанбас тәжірибе күтуде.
БҰҰ моделіне тіркелгеннен кейін, Сізге хатшы байланысып қажетті тренингтер өткізіп, негізгі ережелермен таныстыратын болады.
Құрметті делегат, Сізді «Turan MUN 2021» конференциясында көруге асығамыз!!!
Халықаралық БҰҰ моделі конференциясының тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Тренингтер кестесі кейінірек болады.
TURAN MUN 2021 қатысу үшін тіркеу жарналары:
Алыс және жақын шетелдерден тегін.